Құпиялық саясаты

 «Bek Air» ЖШС-нің клиенттердің дербес деректерінің құпиялылығы туралы саясаты

 

  1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Дербес деректердің құпиялылығы туралы саясат (бұдан әрі – Саясат), «Bek Air» ЖШС-нің (бұдан әрі – Әуе компаниясы) көпшілік офертасы Шартын орындау нәтижесінде Әуе компаниясының https://b2b.bekair.aero интернет-сайтында клиенттерден алған немесе болашақта алатын барлық дербес деректеріне таратылады.

1.2. Клиенттің келісімі өзіне Әуе компаниясымен алынған клиент туралы кез келген деректердің Әуе компаниясымен жинауына, өңдеуіне, сақтауына және пайдалануына келісімін қамтиды.

  1. Клиенттің дербес деректерінің көлемі

2.1. Осы Саясат аясында клиенттің дербес деректері ретінде клиенттің (пайдаланушының) сайтта толтыруы кезінде, сонымен қоса сайтта тіркелуі (тіркеулік жазбасын құруы) кезінде немесе Әуе компаниясымен ұсынылатын қызметтерді пайдалану процесінде өз бетімен өзі туралы ұсынатын дербес деректері түсініледі.

2.2. Әуе компаниясы ұсынылған дербес деректердің дәйектілігі үшін жауапты болмайды.

  1. Осы Саясат мақсаттары

3.1. Әуе компаниясы тек қана қызметтерді көрсету үшін қажетті дербес деректерді өңдеуге міндеттенеді.

3.2. Клиенттің дербес ақпаратын Әуе компаниясы келесі мақсаттарда пайдалана алады:

3.2.1. Қызметтерді көрсету аясында клиентті сәйкестендіру;

3.2.2. Әуе компаниясының жарнамалық және/немесе маркетингтік материалдарын тарату;

3.2.3. Топтастырылған деректердің негізінде статистикалық және басқа да зерттеулерді жүргізу.

  1. Үшінші тұлғаларға клиенттің дербес деректерін беру

4.1. Клиенттің дербес деректеріне қатысты Әуе компаниясы, осындай ақпаратқа қолжетімділігі Клиентпен немесе оның өтініші бойынша тұлғалардың белгілі бір шеңберіне ұсынылған жағдайларды қоспағанда, сонымен қатар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған жағдайларды қоспағанда, олардың құпиялылығын сақтауға міндеттенеді.

4.2. Клиент осындай берудің Шартты орындау мақсаттарында қажет болатын жағдайларды қоспағанда және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған жағдайларды қоспағанда, өзінің дербес деректерін оларды үшінші тұлғаларға  беру құқығынсыз беруге, өңдеуге және сақтауға өзінің келісімін береді.

4.3. Әуе компаниясы клиенттің дербес деректерін заңсыз немесе кездейсоқ қолжетімділіктен, жойылудан, өзгертуден, бұғаттаудан, көшіруден, таратудан, сонымен қоса үшінші тұлғалар тарапынан дербес деректермен басқа да заңсыз әрекеттерден қорғау үшін барлық қажетті және мүмкін шаралар қабылдауға міндеттенеді.

  1. Клиенттің дербес деректерінің дәйектілігі және шынайылығы

5.1. Клиент өзінің дербес деректерінің дәйектілігін және шынайылығын қолдауға келісімін береді.

Әуе компаниясы клиентпен ұсынылған дербес деректердің мазмұны және дәйектілігі үшін жауапты болмайды.

5.2. Клиент кез келген сәтте онымен ұсынылған дербес деректері туралы ақпаратты, сонымен қатар оның құпиялылық параметрлерін Әуе компаниясына  жүгіну жолымен өзгерту (жаңарту, толықтыру, бұғаттау, жою) құқығына ие.

5.3. Клиент кез келген сәтте «дербес деректерді өңдеуге арналған келісімді қайтарып алу» белгісімен электрондық мекенжайына жазбаша хабарламасын жіберуі жолымен Әуе компаниясымен дербес деректерін өңдеуге арналған өзінің келісімін қайтарып алуға құқылы.

Осы жағдайда клиентпен дербес деректерін өңдеуге арналған келісімін қайтарып алуы сайтта, сонымен қоса Әуе компаниясының деректер базасынан клиенттің тіркеулік жазбасының жойылуына, сонымен қатар клиенттің дербес деректерін қамтитын жазбалардың жойылуына әкеп соқтырады.

5.4. Клиент Әуе компаниясымен оның дербес деректерін өңдеуге қатысты ақпараттарын алу құқығына ие.