Қолжүгін әуе кемесінің салонында (кабинада) өзімен бірге алып жүру нормалары
Кабинаға қойылатын қолжүгі – жолаушының қолжүгін тасымалдаудың белгіленген нормасынан тысқары болып келетін, әуе кемесінің салонына қойып тасымалдауға арнап рұқсат етілген және "КАБИНАҒА" затбелгісі жапсырылған қолжүгі. Мұндай қолжүгінің сақталуы үшін жаупкершілік жолаушының өзіне жүктеледі.
- "КАБИНАҒА" деген белгісі бар қолжүгін өзімен бірге алып жүру нормалары:
XXS |
XS |
S |
M |
L |
XL |
F |
V/O/W/X |
R/T/U/E/S |
L/Q/M/B/K |
Y/I/H |
N/P/Z |
1 орын |
1 орын |
1 орын |
1 орын |
1 орын |
1 орын |
5 кг |
5 кг |
6 кг |
7 кг |
8 кг |
10 кг |
Ең үлкен өлшем 55 x 40 x 23 см (үш өлшемнің жиынтық шамасы 115 см-ден аспайды) |
2) Рұқсат етілген "КАБИНАҒА" қолжүгіне қосымша түрде жолаушы әуе көлігінің салонында белгіленген нормадан тыс төлемсіз түрде келесі заттарды алып жүре алады (аталған заттар таразыға салуға тапсырылмайды, ресімдеуге жатпайды және оларға затбелгі жапсырылмайды):
- әйелдер сөмкесі/еркектердің портфелі/қағаздарға арналған қапшық
- қолшатыр
- таяқ / балдақ
- сырт киім
- шағын компьютер, фотоаппарат, бейнекамера
- ұшу кезінде оқитын баспасөз басылымдары
- ұшу кезіндегі баланың тағамы
Егер мұндай қолжүгі тегін тасымалданатын нормадан асып кеткен болса, оның ақысы төленеді:
Әуе көлігінің салонындағы қосымша қолжүгі |
||
Категория |
Тасымалдау нормалары |
Тасымалдау тарифі |
Картина |
Екі жиынтық өлшемі 145 см-ден аспайтын |
10000 ₸ |
Жеміс салынған себет |
Үш жиынтық өлшемі 145 см-ден аспайтын |
6000 ₸ |
Гүл шоғы |
Үш жиынтық өлшемі 145 см-ден аспайтын |
6000 ₸ |
Музыкалық аспап |
Үш жиынтық өлшемі 145 см-ден аспайтын |
6000 ₸ |
Торт |
Екі жиынтық өлшемі 145 см-ден аспайтын |
6000 ₸ |
Дыбыстық және бейнеаппаратура |
Екі жиынтық өлшемі 145 см-ден аспайтын |
6000 ₸ |
Назар аударыңыз!
Жолаушыдан оның қолжүгін ӘК салонында тасымалдау үшін тиісті тарифтер мен алымдар билет сатылған кезде тасымалдау басталмай тұрып немесе қолжүгін ұшу әуежайында ресімдеу кезінде алынады.