Бағдарлама туралы

«BEK AIR» Әуе компаниясы Сізге «SHAŃYRAQ» Адалдық бағдарламасының Қатысушысы болудың бірегейлі мүмкіндігін ұсынады. Жолаушыларға сыйақы беру бағдарламасы келесі мүмкіндіктерді береді:

  • Қатысушыны тіркеген кезде 500 құттықтау бонустық миляларын тегін алу;
  • «BEK AIR» әуе компаниясының рейстерінде ұшулар үшін бонустық және мәртебелік миляларды алу;
  • Жинақталған ұпайларды есептен шығару есебінен сыйақы авиабилеттер мен қосымша қызметтерді ресімдеу;
  • Бағдарламаға қатысу мәртебесін арттыру және қосымша артықшылықтар алу ;

«SHAŃYRAQ» Сыйақы беру бағдарламасының әрбір Қатысушысы бағыт пен таңдалған тарифке байланысты «BEK AIR» әуе компаниясының өз рейстерінде ұшқаны үшін милялар алады. Милялардың белгілі бір саны жинақталған кезде Бағдарлама қатысушыларына сыйақы авиабилетін алу немесе қосымша қызметті сатып алу мүмкіндігі беріледі.

Бағдарламаның Қатысушысы болу үшін Әуе компанияның ресми сайтында тіркелу рәсімінен өту қажет. Арнайы нысанды толтырғаннан кейін Қатысушыға дербес шот автоматты түрде ашылады және карта нөмірі беріледі. Қатысушы картасының нөмірін Әуе компанияның жеке кассаларында, авиабилеттерді сату агенттіктерінде сатып алған кезде де, онлайн тіркеуден өткенде де енгізуге болады. Қатысушының пластикалық картасын алғанға дейін Сіз уақытша картаны басып шығаруды пайдалана аласыз.